«Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыруда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шойманова Молдир Балгабаевна жүргізді. Семинар барысында қатысушылар интербелсенді оқыту әдістерінің мәні, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты мәлімет алып, жоғары білім беру үдерісінде студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, сыни ойлауын дамытуға және практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты. Сонымен қатар, оқу процесінде заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдары талқыланып, педагогтер арасында өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай іс-шаралар оқу сабақтарын жаңаша форматта ұйымдастыруға ықпал етіп, студенттердің зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
