3-курс білім алушыларының педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы

10.12.2025 ж. Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 3-курс білім алушыларының педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың педагогикалық практика барысында жинақтаған тәжірибелерін қорытындылау, кәсіби құзыреттіліктерін бағалау және болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал ету болды.
Конференцияға тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі проректор Б. Садыков, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі А. Шалкеева, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісінің орынбасары А.Полатов  қатысты.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх