Бүгін 2025 жылдың 24 желтоқсан күні
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы барып, қазыналы қарияларымызға Жаңа жыл мерекесіне орай сый-сияпаттар табыс етті.
Шараны университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б. Садыков, сондай-ақ Тарих, құқық және бизнес кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент К. Кемелбеков ашып, қарияларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, университеттің білім алушы жастары өз өнерлерін ортаға салып, ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
Бұл игі шара жастардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, мейірім мен қамқорлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
