Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне 18-20 желтоқсан күндері аралығында академиялық ұтқырлықпен шет елдік ғалымдар Өзбекстан Республикасы, Қоқан мемлекеттік университетінен «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, PhD Абдуллаев А.К., PhD., доцент Тургунбаев Р.М., аға оқытушы Сиддиков Р.У «Сандық технологиялар мен жасанды интеллект» тақырыбында білім алушыларға лекция және практика сағаттарын жүргізді. «Информатика және математика» кафедрасының профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен 6138-22 тобының 4 курс студенттері Қайырбек Н. М «Ai-Bricks жасанды интеллект фото өңдеуші платформа», Мәжіт С. Ж «ДЦП дертіне шалдыққан балаларға арналған «Смарт- ходунок» » тақырыбында жобаларын қорғап, қонақтарға таныстырды.
