2025 жылғы 18 қазанда  академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 144 (25/5) тобында орыс тілі пәнінен «Диалог және монолог» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттердің сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған ауызша сөйлеу және практикалық тапсырмалар кеңінен қолданылды.
Сабақтың мақсаты — студенттерді әдебиетке баулу, орыс тілінде дұрыс, анық әрі мәнерлі сөйлеу қабілетін қалыптастыру.
Тіл мен әдебиеттің байланысы «Золушка» шығармасындағы корольдің монологынан алынған үзіндіні ЛЭД-экранда көрсету арқылы айқын көрсетілді.
Студенттер жоғары белсенділік танытып, өздері сөйлемдер мен мәтіндер құрастырды, пікірталастарға қатысты.
Сабақ барысында білім алушылардың рефлексивті көзқарасына негізделген белсенді оқыту әдістері қолданылып, олардың ойлау қабілеті мен қызығушылығы арттырылды.
Сабаққа қатысқандар:
ГПФ факультет деканы Купешова А.К.,
оқу бөлімінің меңгерушісі және кафедра оқытушылары.
Сабақты өткізген — Аблаева Ұлжан Керімовна.
#ашықсабақ #орыс тілі #сөйлеудід дамыту #диалогжәнемонолог #белсендіоқыту #білім #студенттер #педагогика
ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх