Ағымдағы жылдың 8-10 қазан күндері аралығында академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылары, т.ғ.к., профессор М.И. Ақылбаев пен аға оқытушы Ә.Т. Рысбаков Өзбекстан Республикасы Жызақ политехникалық институтында іссапарда болып қайтты.
Сапар сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, білім алушыларға дәріс оқылып, тәжірибе алмасуға бағытталды. Профессор М.И. Ақылбаев «Математикалық талдау» пәнінен 12 сағат, ал аға оқытушы Ә.Т. Рысбаков «Физика» пәнінен 12 сағат көлемінде лекция оқыды.
Сондай-ақ, сапар барысында оқытушыларымыз институт ректоры А. Усманкулов бастаған институт басшылық құрамымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту және қол қойылған меморандум аясында алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша пікір алмасты.
