«АДАЛ АЗАМАТ» құндылықтарын білім беру процесіне ендіру — бүгінгі күн талабы!

«АДАЛ АЗАМАТ» жобасы аясында 2025 жылғы 16 қазан күні Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пән мазмұнына біріктіру тақырыбында республикалық семинар өтті. Іс-шара Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен “Өрлеу” БАҰО” АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтымен бірлесіп жасалған меморандум аясында ұйымдастырылды.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх