Онлайн ғылыми семинар өтті
2026 жылдың 21 қаңтарында сағат 10:00-де «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен 8D01110 – Педагогика және психология, 7М01110 – Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының докторанттары мен магистранттары үшін «Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістерін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Стамбекова Асель Серкебаевна жүргізді. Семинар барысында докторлық диссертация жұмыстарын жазуға қойылатын соңғы талаптар жан-жақты түсіндіріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында докторанттар мен магистранттар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы әрі тың ақпараттар алды. Ғылыми семинар тәжірибе алмасуға бағытталған тиімді алаң ретінде жоғары деңгейде өтті.
