Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Филология» білім беру бағдарламасы аясында 7М01710 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 1-курс магистранты Ал-Бухорий Курбановтың
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдалану» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Ашық сабаққа ЖООКББ бастығы Б. Омарова, Филология кафедрасының меңгерушісі м.а. Алшынбеков Қ., магистр-оқытушы П. Құлабай, сондай-ақ білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.
Сабақ барысында қазақ тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімді жолдары көрсетіліп, ЖИ платформалары негізінде оқу-әдістемелік материалдар мен түрлі интерактивті тапсырмалар ұсынылды. Ашық сабақтың мазмұны білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, кәсіби бағытта ойлау қабілетін дамытуға және заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге бағытталды.
Аталған ашық сабақ тәжірибе алмасуға, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге өз үлесін қосты.
