Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті

2026 жылғы 11 ақпан күні сағат 11:00-де 8D01110 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттарының 2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша жеке жұмыс жоспарларының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы жартыжылдық есептері ғылыми-техникалық кеңестің отырысында тыңдалды.

Отырыс барысында докторанттар жеке оқу жоспарларының орындалу барысы, ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері, жарияланған ғылыми еңбектері, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу нәтижелері және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттері туралы баяндама жасады.

Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері ұсынылған есептерді жан-жақты талқылап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар берді. Кеңес қорытындысы бойынша докторанттардың жартыжылдық есептері қанағаттанарлық деп танылды.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх