Университетімізде «Жастар және салауатты өмір салты: таңдау және жауапкершілік» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс таңдау жасау мәдениетін арттыру және жеке жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.
Семинар-тренингті Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Пак Татьяна Игоревна жүргізді. Тренинг барысында студенттер зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықты сақтау, психологиялық тұрақтылық пен өмірлік құндылықтар жөнінде өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты.
Интерактивті тапсырмалар мен талқылаулар арқылы қатысушылар өмірлік маңызды шешім қабылдауда жауапкершіліктің рөлін терең түсініп, салауатты өмір салты саналы әрі дұрыс таңдаудан басталатынына көз жеткізді.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы және Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б. Садыков қатысып, жастарға ақыл-кеңестерін беріп, ізгі тілектерін білдірді.
Салауатты ұрпақ – ел болашағы!
