Бүгін университеттің кәсіби бағдар беру жұмысы аясында қаламыздағы №88 жалпы білім беретін орта мектептің бітіруші түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында талапкерлерге университет кампусы, білім беру бағдарламалары және ҰБТ-ға қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар іс-шара аясында мектеп басшылығы мен университет ректоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум екі тарап арасындағы серіктестікті нығайтуға және алдағы уақытта бірлескен білім беру, танымдық және тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Алдағы кезеңде тараптар меморандум аясында өзара тәжірибе алмасып, оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетін болады.
