Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Дәстүр сабақтастығы мәдениеттің кепілі»атты кеш өтті.
Бұл кеш – ұлт рухын тірілткен, тамырымызды тереңнен танытқан рухани жаңғыру алаңы болды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы – салт-дәстүрлері сахна төрінде жаңғырып, атадан балаға аманат болған өнеге жас ұрпақтың жүрегіне жол тапты.
Кеш барысында халқымыздың өмір белестерін айшықтайтын қасиетті ғұрыптар кеңінен көрсетілді:
👶 Шілдехана – нәрестенің өмірге келуін шаттықпен қарсы алу
🛏 Бесікке салу – ұрпаққа деген ақ тілек пен жауапкершілік
👣 Тұсау кесер – баланың жарқын болашағына жол ашу
📖 Сүндет той – ер-азамат тәрбиесінің бастауы
🤝 Құда түсу – екі әулеттің жарасымды байланысы
👰 Ұзату той – қыз тәрбиесінің биік көрінісі
🎶 Беташар – келіннің жаңа шаңыраққа қадам басуы
Әрбір салт – тәрбие мектебі. Әрбір дәстүр – ұлттың руханияты .
Бүгінгі жастар осы құндылықтарды көріп қана қоймай, оның астарындағы терең мағына мен өмірлік философияны сезінді.
Ұлтты ұлт ететін – тілі мен ділі ғана емес, оның дәстүрі.
Дәстүр сабақтастығы үзілмесе – мәдениет мәңгі жасайды.
Тамыры терең елдің – тағдыры берік!
✨ Рухани кешке қатысқан әрбір жан ұлттық мұраның қадірін терең түсініп, жүрегіне тағылым түйіп қайтты.
