Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті базасында «Адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және талантты жастарды мемлекеттік басқару саласына тарту.
Кездесуді университет ректоры Р.Әбдімұсақызы жүргізді.
Кездесуге Департамент басшысы Қ.Қадырбеков, университет ректоры Р.Қуатбекова, саясаттанушы С.Мажинбеков баяндама жасап, Шымкент қаласындағы 7 жоғары оқу орнының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Атап айтқанда, іс-шараға келесі жоғары оқу орындарының білім алушылары шақырылды:
* Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;
* Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы;
* Орталық Азия Инновациялық Университеті;
* Мирас университеті;
* Шымкент университеті;
* Аймақтық инновациялық университеті.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Қ.Қадырбеков мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы кеңінен түсіндіріп, Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жобасы жөнінде және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған үздік түлектер үшін мемлекеттік қызметке іріктеусіз кіру мүмкіндіктеріне тоқталды.
Саясаттанушы С.Мажинбеков өз сөзінде жас ұрпақ бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби біліктілік пен жоғары адамгершілік қасиеттердің мемлекеттік қызметтегі рөліне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар туралы толық ақпарат алды.
Ашық диалог форматында өткен іс-шара дарынды жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіруге және олардың кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті.
