Дуальды оқыту бағыты бойынша жұмыс берушілермен мәселелер талқыланды

2026 жылғы 14 қаңтарда «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Л.Искакова және Ғылым бөлімінің маманы Г. Қожахметованың ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.                   Кездесуге  «Өрлеу» БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы КДИ-ның аға оқытушысы Турсынбаева З.П., Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары Утесинова Ж.Б., Шымкент қаласының білім басқармасының «№3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бөлім басшысы А.А. Саурбекова  қатысты.

Кездесудің екінші мақсаты — жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша, студенттерге дуальды оқыту жүйесіне мүмкіндік беру, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдарды бірлесіп дайындауға білім беру ұйымдарынан тәжірибелі практиктерді тарту бойынша жұмысты кеңейту.

Семинарда инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беру үдерісіне кіріктірудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасап, кәсіби іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу тәсілдері, олардың ата-аналарымен өзара ынтымақтастық орнату, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және кеңес беру жолдары жан-жақты қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық дағдыларын жетілдіруге және еңбек нарығына дайын маман ретінде қалыптасуға мүмкіндік екендігін атап өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары үшін де бұл бағдарлама кадрлық әлеуетті нығайтуға, болашақ жас мамандарды ерте кезеңнен іріктеп, тәжірибеден өткізуге және үздік түлектерді тұрақты жұмысқа тартуға зор мүмкіндік туғызады. Дуальды білім беру жүйесі білім мен тәжірибенің тиімді сабақтастығын қамтамасыз етіп, білім беру саласындағы кадр сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылатындықтарын атап кетті.

Қатысушылар еңбек нарығы талаптарына сай маман даярлауда теория мен практиканың өзара байланысын күшейту, жұмыс берушілермен серіктестікті дамыту және тәжірибеге негізделген оқыту үдерісіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх