Волейболдан Оңтүстік аймақ студенттік спорт лигасы өз мәресіне жетті!

Волейболдан Оңтүстік аймақ студенттік спорт лигасы өз мәресіне жетті!

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде өткен ауқымды спорттық дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге тартысқа толы, әсерлі сәттер сыйлады. Жарыс барысында қатысушы командалар жоғары шеберлік пен нағыз спорттық рухты паш етті.

Жарыс қорытындысы:

Ұлдар арасында:

1 орын – Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
2 орын – Қазақ спорт және туризм академиясы
3 орын – Орталық Азия инновациялық университеті

Қыздар арасында:

1 орын – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
2 орын – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
3 орын – Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыстың жабылу салтанаты да ерекше деңгейде өтті. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар университеттің брендтік және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Салтанатты рәсімге университет Президенті, т.ғ.к., профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы және университет ректоры, м.ғ.д., профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарды табыстады.

Сонымен қатар, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық бапкерлерге, ойыншыларға және төрешілерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл жарыс – тек жеңіс емес, достық пен бірліктің, шынайы спорт рухының жарқын көрінісі!

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх