Жоғары оқу орындарының студенттері мен стартап қызметін енді бастаған жастар арасында өткен «Менің арманым» халықаралық жастар бизнес-жобалары байқауының сегізінші маусымында академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «6В04110 – Экономика» білім беру бағдарламасының GB411-25 тобының 1 курс білім алушысы Сатыбалды Аяулым Жүсіпәліқызы қатысты.
Білім алушы «ECO FUTURE CITY AI» жобасын аға оқытушы Тулебаева Сауле Муратовнаның жетекшілігімен таныстырды.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
– бірінші кезең (20.11–10.12.2025 ж.) бизнес-жобаларды әзірлеу бойынша дәрістер, мастер-класстар мен тренингтерді қамтыды. Іс-шаралар «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-тренерлері, табысты кәсіпкерлер және университеттің профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен өтті;
– екінші кезең (09.02–18.03.2026 ж.) стартап жобалардың іріктеу кезеңі болып, үздік әрі өзекті жобаларды анықтауға бағытталды;
– үшінші кезең — финал (9 сәуір 2026 ж.), онда қатысушылар өз жобаларын қорғап, жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша Сатыбалды Аяулымның жобасы финалға өтіп, конкурстық комиссия шешімімен «Ең үздік болашаққа бағдар» номинациясына ие болып, дипломмен марапатталды.
Аталған жетістік білім алушылардың инновациялық ойлау қабілетін, кәсіпкерлікке деген қызығушылығын және университеттегі сапалы білім беру деңгейін көрсетеді.
Диплом Сатыбалды Аяулым Start up сертификат
