«Білім беру бағдарламасын талқылау» тақырыбында іс-шара өтті

2026 жылғы 15 сәуірде академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Жаратылыстану-инженерлі» факультеті, «Химиялық технология және биология» кафедрасы ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламасын талқылау» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шара университеттің конференция залында өтіп, модератор ретінде Ташқараев Р.А. жетекшілік етті.

Бағдарламаға сәйкес іс-шара кіріспе сөзбен басталып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бағытындағы негізгі мәселелер қамтылды. «Білім беру бағдарламасын талқылау» тақырыбында мазмұнды презентация ұсынылып, оқу үдерісін заманауи талаптарға сәйкестендіру жолдары талқыланды.

Іс-шараға білім беру және өндіріс саласының өкілдері – жұмыс берушілер арнайы шақырылып, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Қатысушылар қатарында:
– №27 «Мәртөбе» жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ахмед Абай Исаәліұлы;
– Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясының директоры Байбосынова Айгуль Есжановна;
– «Ана-Жер» ГӨБ ЖШС директоры Усманов Хазрат Султанович;
– Аксукент көпсалалы колледжінің директоры Қуатбекова Карамат Пердешқызы;
– Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының директоры Сандыбаева Гульхан Турсыметовна;
– «Mangystau Oil Refining» ЖШС бас инженері Ержанов Данияр Сейтжаппарович болды.

Кездесу барысында қонақтарға сөз беріліп, олар білім беру бағдарламаларын жетілдіру, студенттердің кәсіби даярлығын арттыру және еңбек нарығына бейімдеу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара қорытындысында жұмыс берушілерге алғыс білдіріліп, олар марапатталып, естелік суретке түсу рәсімімен аяқталды.

Аталған кездесу университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх