Қазіргі білім беру бағдарламаларын жаңарту: инновациялар және жұмыс беруші көзқарасы
2026 жылғы 6 мамырда «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызының бастамасымен кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру бағдарламаларын жаңарту: инновациялар және жұмыс беруші көзқарасы» тақырыбында мазмұнды семинар өткізілді.
Семинарға білім беру саласының тәжірибелі мамандары мен жұмыс беруші ұйым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Alan халықаралық мектебінің директоры Ж.А. Тажиева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры М.А. Медетбекова, №23 мектеп-лицейдің директоры Ж.Д. Тойлыбаева, Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның директоры А.С. Қайыпов, Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары Ж.Б. Утесинова, №24 балабақшаның меңгерушісі Г.Е. Тойбаева, Саз колледжі директорының міндетін атқарушы Е. Абдухайымов, AL-NUR7 бөбекжай-бақшасының әдіскері Г. Ахметова, сондай-ақ №23 мектеп-лицейдің психологы Д.А. Тойлыбаева, Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның музыка мұғалімі Г.А. Елжанова және бастауыш сынып мұғалімі Г.Т. Бекмухамедова өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында білім беру бағдарламаларын жаңарту аясында жаңа пәндерді енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллект, инклюзивті білім беру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Адал азамат» бағыты бойынша жұмыстарды 2026–2027 оқу жылының білім беру бағдарламаларына енгізу жөнінде нақты ұсыныстар білдірді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді диалог алаңына айналды. Семинар нәтижесінде жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.
