2025–2026 оқу жылындағы педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті
2026 жылдың 22 мамыр күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті базасында педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 1–2–3 курс білім алушыларына арналған ұйымдастыру конференциясы өтті.
Конференцияға Ш. Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі директоры Мырхеева Фарида Кенесовна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тайтелиева Сабира Жанабаевна, кәсіби бағдар беруші Мадибеков Бағлан Талғатұлы, факультет декандары, практика жетекшілері және білім алушылар қатысты.
Іс-шара барысында университеттің түлектерді жұмыспен қамту және тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсұлу Әнуарқызы өндірістік педагогикалық практиканың маңыздылығына тоқталып, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндірді.
Конференция соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алып, практика алдында кәсіби бағыт-бағдар алды.
