Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (Магистратура, PhD докторантура)

«ЖООКББ бөлімі»
Жаңалықтар

2023 жылдың 24 – 26 қыркүйегі күндері П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, физ – матем. ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Роберт Гарабшевич Мухарлямов математика, информатика және ақпараттық технологиялар бағытында  білім алып жатқан 1,2,3 – курс студентеріне және магистранттарға сыртқы академиалық ұтқырлық бағдарламасы аясында лекция оқыды. Осы уақыт аралығында профессор – оқытушылар құрамына  ғылыми семинар ұйымдастырып, өзінің бағыты бойынша ғылыми баяндама жасады.

Ғылыми семинар   жас ғалымдар мен  магистранттар үшін өте қызықты өтіп, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар,  Мәскеу қаласына аспирантураға түсу жолдарын, жетекшілерді таңдау  бойынша сұрақтарға да жауап алды.

Университет басшылары қадірлі қонағымызды сапарының сәтті аяқталуына байланысты  естелік сыйлықтармен марапаттады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі


2023 жылдың 30-маусым күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  6D010300-“Педагогика және психология” мамандығының докторанты Қуатбеков Асхат Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Болашақ білім беру менеджерінің медиа құзыреттілігін қалыптастыруды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты тақырыбында 8D01110-«Педагогика және психология» философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін сәтті қорғауымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Философия докторы (PhD) диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың 15-наурызы күні «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің  алғышарты ретінде сананы қалыптастыру: қоғамдық сана, әдептілік (адамгершілік), саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана» тақырыбында магистранттарға ашық семинар сабақ өтті. Семинарға университеттің І-ші проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Утенов, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығы Б.Омарова, кафедраның  профессор-оқытушылар құрамы мен 1-2 курс магистранттары қатысты.

Ашық семинарда тақырып аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Жалбуров Еркінбек Тиянақбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса, азаматтар  қоғамда  сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін  сезінетін дәрежеде болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болу, оларды жария түрде жоққа шығару қажеттілігіне тоқталды.

«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты А.Исмаилов қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, осы бағытта бірқатар бағдарламалық қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында міндеттерді іске асыратын арнай уәкілетті орган құрылғанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылу жолдарына тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызды орын алатын негізгі мәселелерге магистранттар өздерінің ойларымен бөлісіп пікір алмасты.

«Құқықтану» кафедрасы


ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың 6-наурыз күні  «Филология» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбідәқызы «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта магистранттарға ашық семинар өткізді. Семинарға «Филология» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Ұ.Қайырбекова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Б.Омарова, 7М01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.

Ашық семинар барысында Қазақстан лингвистикасы тіл туралы ғы­лымның барлық бағыттарын қам­тидығына тоқталды. Бұған соңғы жылдары отандық ға­лым­дардың еңбектері дәлел бола алады. Отандық тілтанушы ғалымдардың міндеті қазақ тіл білімін әлемдік лингвистика деңгейіне көтеру, оны серпінді, инновациялық зерттеулер есебінен бә­секеге қабілетті дамыту болып отыр. Әстүрлі сипаттамалық-жүйелік арнада зерттеулер де жалғасып келеді, мәселен, сөздік құрамның компьютер­лік қорының, қазақ тілінің ұлттық корпу­сының деректер базасы үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отырады, терминологиялық қор одан әрі жинақталып жатыр, ономастикалық сөздіктер жасау, түркі тіл білімінде, түркі мәдениетінде баламасы жоқ этнолингвистикалық сөздікті әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Фонология, интонология, экспе­рименттік фонетика, терминология, ономастика, лексикология, сөйлеу мә­де­ниеті, диалектология, орфография, лексикография, функционалдық грамматика, лингвокультурология, қазақ әдеби тілінің тарихы, түркология ­саласында психолингвистикалық, лингво­философиялық және этно­линг­вис­тикалық аспектілерде үлкен зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мәтін лингвистикасы, бірнеше тәуелсіз сөй­лемнен тұратын, байланысты сөйлеу контекстінде семантикалық тұтастыққа ие суперфразалық бірліктердің құры­лымдық және семантикалық жақтарын зерттейтін тіл білімінің саласы тез дамып келеді. Мәтін бірліктерін анықтаумен қатар, мәтін, дискурс деңгейіндегі логикалық-семантикалық қатынастар анықталып жатыр. Лингвистикалық жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі дис­курсивті зерттеулер коммуникативті-праг­матикалық тұрғыдан ерекше таны­малдыққа ие болып отырғандығы жайлы нақты слайдта мысалдар көрсетіліп, тың деректермен хабардар етілді.

Семинар соңы тіл маманы оқытушылары мен магистранттар тарапынан қызу пікірталасқа ұласты. Олар тақырыпқа қатысты тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинар қатысушылар тарапынан жоғары деңгейде өтті деген баға алды. Осындай танымдық деңгейді дамытып отыратын семинарлар жиі өткізіліп тұрса деген тілектер айтып тарқасты.

«Филология» кафедрасы


ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫ: КЕЛЕШЕГІ МЕН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ХХІІ ғылыми-теориялық халықаралық конференциясында «7М01514 -Математика» білім беру бағдарламасының 1- курс магистранты І-орынды алды


ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2022-2023 оқу жылында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 2023 жылдың 3 ақпан күні  ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев, Жұмыспен қамту және практика бөлімінің меңгерушісі А.Шалкеева, ЖООК білім беру бөлімінің меңгерушісі Б.Омарова, мамандар шығарушы кафедра меңгерушілері, зерттеу практика жетекшілері мен ғылыми жетекшілері, 2-курс магистранттардың қатысуымен ұйымдастыру конференция өтті.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бекіткен кестесі бойынша 2023 жылдың 06 ақпан – 28 мамыр  аралығында диссертациялық зерттеу тақырыптарына байланысты  отандық ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксприментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар, мұражай, музей, лаборатория, өндірістер, жоғары орындарына т.б. келісім шарт негізінде екінші курс магистранттары: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталығы , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан университеті «Тіл дамыту» ғылыми орталығы, «Эко-Фарм» ЖШС, «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шарушылығы  ғылыми зерттеу» институты ЖШС мекемесі, Орталық Азия Инновациялық Университеті, «Ана-Жер» Ғылыми өндірістік бірлестігі ЖШС  мекемесі, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының коммуналдық мемлекеттік архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жіберілді.

Сөз алған ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев  тәжірибе жетекшілеріне магистранттарға тәжірибеден өтуге қажетті әдістемелік құжаттарды дайындап, түсіндірме   жұмыстарын жүргізуді және тәжірибеден өткен қорытындысын аяқталғаннан кейінгі бір апта аралығында жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөліміне өткізу тапсырылды.

Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөлімі


МАГИСТРАНТТАР КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕ

2022-2023 оқу жылында 2023 жылдың 16-қаңтар 03-ақпан аралығында Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің 7М01520-«Информатика», 7М01540-«Биология»,  7М01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01720-«Шетел тілі: екі шет тілі», 7М04209-«Құқықтану», 7М04110-«Экономика», 7М07140-«Есеп және аудит», 7М01610-«Тарих», 7М05401-«Математика», 7М01530-«Химия», 7М01520-«Математика» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Магистранттардың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін жеке өтініштері мен  екі жақты жасалған келісім шарт негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ.),  Орталық Азия Инновациялық университеті (Шымкент қ.), Ж.Ташенов атындағы университет  (Шымкент қ.) ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілді. Арнайы кафедра, ЖООКББ бөлімі тарапынан ұйымдастырушы жетекші мамандар тағайындалды.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі тарапынан магистранттарға ғылыми тағылымдамадан өту талаптарымен таныстыру мақсатында вебинар өткізілді.

Магистранттар ғылыми  тағылымдамалары дайындықтың басты құзыреттіліктерді бекіту, кәсіби деңгейін арттыру, мамандық бойынша оқыту біліктілігін арттыру және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, мамандықтар бойынша оқу саласындағы жаңа жетістіктермен танысу, шет тілін білуді жетілдіру және мәдени және жалпы білім беру деңгейін жоғарылатуға бағытталды. Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттар университеттің кәсіби мамандарының сабақтарына қатысуға, магистрлік диссертациялар бойынша жетекші ғалымдардың кеңестерін алуға, сондай-ақ ғылыми мақалаларды дайындауға, желілік электронды ресурстарды пайдалануға, жеке ақпарат пен мультимедиалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Барлық магистранттарға тағылымдамалардан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде тапстырылды.

Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөлімі

МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ОНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ

КӨП ТІЛДІ БІЛГЕНІҢ – ЖАРҚЫН ӨМІР СҮРГЕНІҢ

«Педагогика және психология»  мамандығының докторы (PhD) диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!

3 курс докторанттарымен есептік кездесу

2020 жылдың 18-қараша күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 6D010300-«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс докторанттарымен кездесу өтті. Кездесуге І-ші проректор Қ.Байболов, ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Е.Омар, кафедра-эдвайзері А.Макулова, докторанттар: Б.Омарова, Т.Асанов, Ж.Әбдімұса, А.Куатбеков, Р.Конашева, Д.Даулеталиева, Е.Мырзабеков  қатысты. ЖООКББ бөлімінің аға әдіскері Г.Тоқсанбаева ғылым бөлімінің  университет докторанттарымен өзара әрекеттесуі жайлы баяндама жасады, сондай-ақ докторанттардың Жеке жұмыс жоспарының ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру бойынша есеп беру тәртібін ұсынды.

Дөңгелек столды ұйымдастырудағы басты мақсат – 2020-2021 оқу жылында докторантураны (PhD) бітіргелі отырған докторанттардың диссертациялық жұмыстарының орындалу барысын талқылау.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми дәрежелерді беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығына 2020 жылдың 30  сәуірінде енгізілген  өзгерістермен толықтырулармен №170 бұйрық талаптарының орындалуын негізге ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап жүрген 3-курс докторанттарының докторлық диссертация жұмыстарының бүгінгі орындалу мән-жайын докторанттармен жеке-жеке сөз қозғалды.

Сөз алған 6D010300-«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс докторанттары Б.Омарова, Т.Асанов, Ж.Әбдімұса, А.Куатбеков, Р.Конашева, Д.Даулеталиева, Е.Мырзабеков  докторлық диссертациялық жұмыстарының педагогикалық кадрлар даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентиль көрсеткіші бар басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялауды міндетке алып отырғандарын және докторлық диссетацияларын белгіленген мерзімде қорғауға дайындық жұмыстары жүріп жатқандықтарын айтты.

Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев докторанттарға диссертация жазуға қатысты бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты. Докторанттардың дайындығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының атқарылуы туралы оң пікірін білдірді.

«Педагогика және психология» кафедрасының магистр – аға оқытушысы (эдвайзер) А.Макулова докторанттардың докторлық диссертацияларын кафедрада қорғау  маусым айына жоспарланып отырғанын және докторанттардың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзіреттерін, кәсіби міндеттерін өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалары талаптарына сай дайындығын бағалу болып табылады. Докторанттардың жоғары дайындық деңгейі мен алдағы қорғауға дайындығын атап өтті.

Докторанттар тарапынан барлық ескертулер мен ұсыныстар оң қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті кафедраларда диссертациялық жұмыстарды алдын ала қорғауға дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

               Б.ОМАРОВА,

Жоғары оқу орынан кейінгі білім

 беру бөлімінің бастығы

Бөлім туралы

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен республикамыздағы жоғары оқу орындарының  бірі болып табылады.

Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең ғылыми – педагогикалық дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Магистратураның бейіндік бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, магистрлік диписсертациялық жұмыс қорғайды.

PhD докторантура – магистратурадан кейінгі білім беру бағдарламасына бағытталған. Білімнің бұл саласы – заманауи инновациялық технолоргиялар негізінде әлемдік ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып жоғары квалификациялы ғылыми мамандар дайындайтын сала.

PhD докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сәйкес ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттарға тек республикамызда емес, сонымен бірге шет елдерде де кеңінен танымал жетекші ғалымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен шет елдік серіктестері де ғылыми жетекшілік жасайды.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар. Университетте магистранттар мен доктаранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды.

Қазіргі таңда университетте 11 білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада, 1 білім беру бағдардамасы бойынша PhD докторантурада кадрлар дайындалады.

Мамандандырылған Халықаралық аккредиттеуден 7М011110-Педагогика және психология, 7М01540-Биология, 7М01610-Тарих, 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М07110-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықары өткен.

Бөлімнің қызметкерлері
Бөлім басшысы

ЖООКББ бөлімінің бастығы:
Омарова Бекзат Амангелдіқызы

Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,

Төле би 32, №105 кабинет
Телефон: 8-7252-95-25-62
E-mail: bekzat.1972.26@mail.ru

1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын  бітірген. 2002-2005 жылдары аралығында аталмыш университеттің «журналистика» мамандығы бойынша Аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алды.

2010-2012  жылдар  аралығында  академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің магистратурасында оқып, «Қазақ  тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын бастаған уақыттан бері қырықтан аса ғылыми жұмыстары аймақтық, республикалық, халықаралық журналдарға жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Білім беру, ғылым жолындағы ізденіс жұмыстары үшін облыстық, университет басшылығы тарапынан көптеген дипломдарымен, мақтау қағаздарымен қоса алғыс хаттарымен марапатталған. 2016 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-де «Қазіргі тіл білімінің пәнаралық  аспектілері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың тыңдаушысы болды. 2017 жылы «НААР» тәуелсіз агентігінің  «Білім беру сапасын университет ішілік қамтамасыз ету жүйесін» атты семинар-тренингтің сертификатын алған.  2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2019 жылы Түркия мемлекетінде ” Applied Meta-analysis in Educational Sciences” курсына қатысып, сертификат алды.

2019 жылы Украина мемлекетіндегі  М. П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Психологиялық кеңес беру негіздері.Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің бейімделуінің психологиялық технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсына (72 сағат)  қатысып, сертификат алды.

Бөлімнің әдіскері
Арнабек Индира Рахатқызы
Білімі: Жоғары
Бітірген жылы: 2021 ж.
Білімі бойынша мамандығы: Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
Қандай шет тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін біледі: орыс, ағылшын
Еңбек қызметі: 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері.
E-mail: Indira_arnabekova01@mail.ru
Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы, Төле би 32, №110А кабинет
Телефон: 8-7252-95-25-62

________________________

Мамандықтар тізімі
Магистратура мамандықтары
Код жәнежіктелуібілім беру саласы бойынша Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары Білім беру бағдарламаларының шифры мен атауы
1 7M01  Педагогикалық ғылымдар 7М011 Педагогика және психология 1 7М01101 – Педагогика және психология
2 7М015  Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау 2 7М01514- Математика
3 7М01520-Информатика
4 7М01530-Химия
5 7М01540-Биология
3 7М017- Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау 6 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті
7М01720-Шетел тілі: екі шетел тілі
4 7М016  Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау 8 7М01610- Тарих
5 7M04  Бизнес, басқару және құқық 7М041  Бизнес және басқару 9 7М04140-Есеп және аудит
10 7М04110-Экономика 
6 7М042 Құқық 11 7М04209Құқықтану
7 7M06  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 7М062  Телекоммуникациялар 12 7М06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
8 7М07  Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары 7М071  Инженерия және инженерлік іс 13 7М07112-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Докторантура мамандықтары
Код жәнежіктелуібілім беру саласы бойынша Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары Білім беру бағдарламаларының шифры мен атауы
1 8D01 Педагогикалық ғылымдар 8D011 Педагогика және психология 1 8D01110- Педагогика және психология
2 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау 2 8D01540- Химия
3 8D01550- Биология

Магистратура

7М01-Педагогикалық ғылымдар-7М011-Педагогика және психология-7М01110-Педагогика және психология
7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау-7М01514-Математика-7М01520-Информатика-7М01530-Химия-7М01540-Биология
7М017 Тіл және әдебиет мұғалімдерін даярлау-7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті-7М01720-Шет тілі: екі шет тілі
7М016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау-7М01610-Тарих
7М041 Бизнес және басқару-7М04140-Есеп және аудит-7М04110-Экономика
7М042 Құқық-7М04209-Құқықтану
7М062 Телекоммуникация-7М06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Магистратура бағдарламасының мақсаты:  шетел тілді білімі бар, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын және отандық әрі әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратурада кадрлар ғылыми-педагогикалық бағытта даярланады. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми-педагогикалық білімі бар кадрларды жоғары оқу орнынан кейін даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Аталмыш бағдарлама шеңберінде магистрант түбегейлі даярланады. Бұл ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ, жоғары мектепте сабақ жүргізу құқығын береді.

Кәсіби қызметінің түрлері:

-ғылыми-педагогикалық;
-ғылыми-зерттеу;
-білімдік-педагогикалық.

7М071 Инженерия және инженерлік іс-7М07112-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Академиялық күнтізбе
Академиялық ұтқырлық
>>

Ішкі  байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны

ЖОО атауы 2016-2017 2017-2018 2018-2019 2022-2023
1 Аймақтық әлеуметтік-инновацияық универсиеті 9 8 3
2 ҚазҰУ әл-Фараби атындағы университеті 1
3 Сырдария университеті 2
4 Орта Азия инновациялық университеті 8
5 Тешенев университеті 2
Сыртқы байланыстар академиялық  ұтқырлық бойынша магистранттар саны
ЖОО атауы 2016-2017 2017-2018 2018-2019 2022-2023
1 Тәжікстан педагогикалық институты 7
2 И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті 11


Қабылдау ережесі
Толығырақ:

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА  ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Магистратура және докторантура құжаттар тапсыру мерзімі 3-25 шілде.

Магистратура және докторантураға түсуші үміткерлер 2 емтихан тапсырады, шетел тілінен және мамандық бойынша.

Түсу емтихандары:
– 
шетел тілінен емтихан тапсыру мерзімі 08-16 тамыз аралығында
– мамандық бойынша емтихан 17-25 тамыз аралығында
– оқуға қабылдау 28 тамыз

Ағылшын тіліндегі бағытталған магистратура және докторантураға түсушілер үшін кешенді тестілеу 08-16 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратураға түсуші үміткерлердің «Бакалавр» академиялық дәрежесі болуы міндетті.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және “Магистр” дәрежесі бар адамдар қабылданады.

1 ғылыми-педагогикалық  (магистратура, докторантура) барлығы 150 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 50 балл
2 бейіндік бағыттағы (магистратура, докторантура) барлығы 130 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 30 балл
  1. Шетел тілінен емтихан

Шетел тілінен емтихан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына сәйкес тест түрінде алынады.

Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.

  1. Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан
    Шетел тілінен жеткілікті балл жинаған үміткерлер екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
  2. ұйым басшысының атына өтініш;
  3. жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
  4. кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы (флюрография міндетті);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қосымша құжаттар (грамота, сертификаттар ж.е.т.б.);
  9. Бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  10. тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал + көшірме, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 теңге төлем);
  11. Мекен-жай анықтамасы

Докторантураға түсу үшін тапсыратын құжаттар тізімі:

1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтініші;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) жоғары оқу орнын бітірген дипломын және магистратура дипломының нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.

4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін;

5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (3,3-форма);

6) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

8) кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын құжат;

9) құжаттар тізімдемесі;

10) 20 папка файл;

11) тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал копия, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 тенге төлем)

12) Мекен-жай анықтамасы

13) “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” (БЖЗҚ)  анықтамасы

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы,

Төле би  №32.

Телефон: 8 (7252) 95-25-62

Жетістіктер
Біздің докторанттар
1-Сурет. Әзімбай Абылайхан Исаханұлы
2-Сурет. Ғылыми жетекшісі техн.ғ.к., доцент м.а. Исаев Ғани Исаұлымен жұмыс жасау барысында.

Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ биология  мұғалімдерін интегративті тәсіл негізінде даярлау әдістемесі (педагогикалық жоғары оқу орны мысалында)

(Ғылыми кеңестің №4 хаттамасы, 26-қазан 2023ж)

Ғылыми жетекшісі: Б.ғ.д., профессор Ибадуллаева Салтанат Жарылқасынқызы,

техн.ғ.к., доцент м.а. Исаев Ғани Исаұлы

Шетелдік ғылыми жетекшісі: Түркия Республикасы, Гази университеті PhD, профессор Мехмет Акиф Созер

Зерттеу жұмысының бағыты: Педагогикалық жоғары оқу орындарында биология мұғалімдерін дайындауда әрқашан да биологиялық оқу материалдарын тиімді әдістер арқылы оқыту кәсіби даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады. Әдістемелік дайындық білім алушыларға білім беруді ұйымдастыру формалары, әдістері, мазмұны мен мақсатын қамтитын жүйе ретінде қарастырылады. Солардың бірі, қазіргі уақытта интегративті тәсіл негізінде болашақ биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту, студенттермен биология бойынша практикалық және зертханалық сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіру, білім беру мазмұнына заманауи педагогикалық технологияларды енгізу ерекше маңызға ие болып отыр, бұл осы саладағы инновациялық тәсілге негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында жүзеге асыруды көздейді.

Өзектілігі: Жоғары оқу орны мамандар дайындауда білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар кешенін қолдана отырып дараландыру негізінде білім алушылардың шығармашылық даралығын, интеллектуалдық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беру парадигмасы өзгерді. Сондықтан болашақ мамандарды  оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекет бүгінгі таңда барынша назар аударып отыр. Биолог мамандарды дайындауда ғылым мен практика жетістіктері негізінде, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды игере отырып, кәсіби қалыптасқан тұлға, жаңа заманғы инновациялық бәсекеге қабілетті маман даярлау үрдісінде басты мақсат болып табылады.Ғылыми-зерттеу нәтижелерін қолдану, ғылыми білім беру заманауи өркениеттің негізгі діңгегі. Ғылым, білім беру үдерістерінің бірігуі нәтижесінде біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті маман дайындауға болады. Бүгінгі таңда «білім-ғылым-инновация» үштігі – Қазақстан Республикасы саясатының негізгі арқауына айналып отыр. Сондықтан да болашақ мұғалім даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу нәтижелерін қолдану, инновациялық технологияларға негізделген оқыту әдістерін пайдалану маңызды болып табылады.

Докторлық диссертацияның мақсаты: интегративті тәсіл негізінде болашақ биология мұғалімдерін даярлау әдістемесін жетілдіру.

Зерттеу жұмысының әдістері: бақылау, инновациялық технологияларға негізделген әдістер.

 Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеужұмысын орындауы: 1-курста: 13.11.2023ж.-15.12.2023 ж., 22.01.2024ж. -07.06.2024ж., 2-курста: 02.09.2024ж.-21.02.2025ж., 03.03.2025ж.-22.08.2025ж., 3-курста: 01.09.2025ж.-02.02.2026ж., 9.02.2026ж.-08.06.2026ж.

Магистранттар жетістіктері

Іс-тәжірибе, тағылымдамалардан өту базалары
Жұмыспен қамту

Түлектерді соңғы 3 жыл бойынша жұмыспен қамтамасыз ету

Оқу жылы 2020-2021 2021-2022 2022-2023
Бітірушілер саны 236 % 3 % 92 %
Жұмыспен қамтылағны 232 87,8% 3 100% 89 85,5%
Өз бетінше жұмысқа орналастырылды,оның ішінде мамандық бойынша 218 72,46% 3 100% 76 80%

Сыртқы байланыс
Шетелдік ЖОО атауы Мемлекет
1. Нидэ Омер Халисдемир атындағы университет Турция
2. Жоғарғы Силезиялық экономикалық университеті Польша
3. Рязандық мемлекеттік радиотехникалық университеті Ресей
4. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті Ресей
5. Мирзо Улугбек ат. Өзбекістан Ұлттық университеті Өзбекістан
6. Бишкек қаржы-экономикалық академиясы Қырғызстан
7. Бишкек гуманитарлық университеті Қырғызстан
8. Мәскеу қаржы-өнеркәсіп «Синергия» университеті Ресей
9. АИРУЗ ботаникалық және зоологиялық институты Өзбекістан
10. Сібір бизнес-ақпараттық технология институты Ресей
11. Қырғызстан Халықаралық университеті Қырғызстан
12. Ташкент химия-технологиялық институты Өзбекістан
13. Педжикент қаласындағы Тәжікстан педагогикалық институты Тәжікстан
14. Мәскеу ашық институты Ресей
Ішкі байланыс
ЖОО атауы Қаласы
1. М.Әуезов ат. ОҚМУ Шымкент
2. Абылайхан ат. Қазақ әлем тілдер және халықаралық байланыс университеті Алматы
3. Абай ат. Қазақ ұлттық университеті Алматы
4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматы
5. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы
6. Шәкәрім университеті Семей
7. Қазақ-орыс халықаралық университеті Ақтөбе
8. Мирас университеті Шымкент
9. Silkway Халықаралық университеті Шымкент
10. Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ Түркістан
11. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті Шымкент
12. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей
13. М.Сапарбаев ат. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты Шымкент
Scroll to Top