Университет студенттеріне жоспар бойынша медицина пунктінде келісім-шартқа отырған ЖШС «Дау-Мед» медициналық емхананың дәрігерлерінің қатысуымен профилактикалық бақылау жүргізілді.
Жалпы тәжірибелік дәрігер, хирург, невропатолог,окулист, уролог, Лор және медбикелер ат салысты. Олар:
Терапевт – Қасымбек Абай Серікұлы
Хирург – Болатбек Талғат Болатбекұлы
Оториноларинголог – Қадырбек Қожахмет Түгелбекұлы
Невропатолог – Есеналиева Қаламқас Талғатқызы
Офтальмолог – Низаметдинова Гульзада Бахадырқызы
Студенттердің салмағы мен бойы, қан қысымы өлшеніп, мамандардың қабылдауында болды. Студенттерді шағымдарына байланыс тиісті емханаларға жолдамамен жіберілді. Әрбір студенттерді флюрография мен коронавирус инфекциясына қарсы пфайзер вакцинасы мен, ревакциналары тексеріліп, екпе алынбағандарды қосымша емханаға шақырылды.
Профосмотр барысында бірнеше наухастар анықталды. Оларды диспансерлік епсепке алып, ем алу үшін әрі қарай қосымша тексерулерге жіберіліп, емделуге бағыттады. Профосмотр барысында студенттерге арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің өзіне –өзі қол жұмсаудың және АИТВ/ЖИТС-тің алдыналу және жастарды спортқа баулу мақсатында кеңес беріліп, салауатты өмір салтын насихатталды.
Жастарымыздың денсаулығы біз үшін маңызды!
Медицина меңгерушісі Қалшат Кенжебекқызы