«Экономика», «Финансы» «Құқықтану», БББ бойынша 4 курс түлектері “PROFESSIONAL COLLECTION GROUP” ЖШС жұмыс берушілерімен кездесу

22.02.2023 ж.сағат 11.00-де Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің «Құқықтану», «Экономика», «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс түлектері “PROFESSIONAL COLLECTION GROUP”ЖШС жұмыс берушілерімен кездесу өтті. Дөңгелек үстел отырысында компанияға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, өз кезегінде студенттердің жұмысқа қабылданатыны және қойылатын талаптар туралы толық ақпарат ұсынылды. Студенттердің хабардарлық деңгейін арттыру, студенттерді кәсіби практикаға шақыру мәселелері қаралды.

Scroll to Top