“ЭКОНОМИКА” КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУЫ

2023 жылдың 28 ақпан айында Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ» атты ІII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің қызметкерлері мен ұстаздары, магистранттары, студенттері қатысты.

Осыған орай, «Экономика» кафедрасының білім беру бағдарламасының  6В04130- «Есеп және аудит», 6В04140- «Қаржы» 1 курс студенттері Мамуржанова Рушанабану және Зайнулла Байқожа, ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Абдурахманова Зулпаруза Әмірбекқызы қатысып және «ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО – КАК ОСОБАЯ ФОРМА ЭКОНОМИЧЕСКОЙ АКТИВНОСТИ» тақырыбында ғылыми мақала жариялады.

Конференцияның өткізу мақсаты  – білім мен ғылымды дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асыру, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін кеңейту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.

Белсенді қатысқан үшін студенттерімізге және ғылыми жетекшісіне арнайы сертификаттар берілді.

Біз студенттерімізді және ғылыми жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!

Scroll to Top