Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

Университет қызметкерлері мен студенттеріне  Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратынын  келіп  ақпарат берді.  Бірінші проректор Жұмахан Жарқынбекұлының  бастауымен ,  келген қонақтарға  сөз берді.  Көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Қызметкерлер мен студенттеріміздің ерікті түрде емханаларға тіркеліп,  медициналық қызмет алу жөнінде айтылды.

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты Әлеуметтік қорғау  және мәдени даму, мемлекеттік қызмет көрсету  бөлімінің басшысы  Салиев Бахтияр  Рүстембекұлы ашып  жүргізіп отырды. Алғашқы сөзді Илеспаев  Анвар Амангельдіұлы –ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік  Қорғау Министрлігі  ЕӘҚ және КҚ Коммитетінің  Шымкент қаласы бойынша  департаментінің зейнетақы және әлеуметтік  қамсыздандыру бөлімінің басшысы – бүгінгі күнде зейнетақы туралы  қанша жастан және қандай мүмкіндіктері бар екенін айтып өтті.

Шымкент қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»  АҚ филиалының  өкілі Еркімбеков Ыдырыс Сақтағанұлы мемлекет тарапыныан кімдерге жәрдемақы берілу жолдары туралы айтып өтті.

«Әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорының»  Шымкент қаласы бойынша филиалының  директордың  орынбасары Шалхар Шекімұлының ақпаратында:

МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:

  • медициналық көмекке тең қолжетімділік-әрбір сақтандырылған тұлға төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлеміне құқығы бар;
  • ақша пациенттің артынан жүреді – пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, егер ол ұйым Қордың өнім берушісі болса ғана;
  • пациенттің құқықтарын қорғау-Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді. ТМКККБюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі берілді:
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына,
  • қандастарға,
  • босқындарға,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:

  1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек.
  2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;

3) иммундау (вакцинация);

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;

2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;

3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

  1. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) емделу кезіндегі әлеуметтік мәні бар аурулар;

2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;

3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

  1. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

4) жоспарлы тәртіпте.

6.Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;

2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

  1. Паллиативті медициналық көмек.
  2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
  3. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
  4. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.
  5. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету деді..

Сонымен қатар  ГОНС  мемлекеттік Bilim life бағдарламасын халыққа жеткізу , баланың болашақ  оқуына қазірден бастап  ақша жинап және мемлекеттен жыл сайын сыйақы алып тұру  мүмкіндігі бойынша  Шайманова Сандуғаш, Алжанова Ақбота айтып өтті.

Scroll to Top