“Halyk Bank” өкілдерімен кездесу өткізілді

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 01.02.2023 ж. сағ 12.00.де “Halyk Bank” өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Halyk Bank директоры Ратаева Гульнара Касымжановна, Зам директор Томин Евгений Михайлович, Менеджер Расилова Айнур Айхинбековналар және университетіміздің Бірінші проректоры Утенов Ж.Ж және «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің» меңгерушісі Шалкеева А.А , «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Абдурахманова З.А  қатысуымен өтті.

Кездесудегі мақсат болашақ мамандарымызды жұмысқа орналасуына және жұмысты тез  және оңай таңдауда жәрдемдесу.

Жұмыс беруші мен тікелей байланыс орнату арқылы білім ордасы 4 курс студенттерін жұмысқа орналасуына ықпал жасау. Сондай-ақ, жұмыс берушілер өздері ұсынған пәндердің құзіреттілігіне тоқталып, студенттердің болашақта бәсекеге қабілетті кәсіби маман болып қалыптасуына әсері туралы айтып өтті. Студенттер оқуға, жұмысқа деген жауапкершілікті сезініп сұрақтарын қоя білді. Университет қабырғасында оқып жүріп, жұмыс істеуге мүмкіншіліктер бар екені туралы түсіндіріп студенттерді жұмысқа шақырды.

Білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді, болашақ жұмыс жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ, ол білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаттарын және түлектердің қалыптасқан құзыреттеріне тоқталды.

Scroll to Top