АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Сіздерді «Жаңа Қазақстанның білікті тіректері» атты тақырыбында студенттік Аймақтық экономикалық (олимпиадаға  шақырамыз

 Өткізілетін уақыт: 15 наурыз 2023ж.

Өткізілу нысаны: офлайн

 Студенттік Аймақтық экономикалық олимпиада  – бұл экономика саласының белгілі бір бағытында мамандандырылу барысында жүрген болашақ білікті мамандардың өзара жекеленіп немесе топтасып сайысуы. Сайысқа қатысуға шақырту алған әр ЖОО-нан экономикалық бағытта білім алып жатқан 1-3 курс білім алушылар тобынан құралады. Жарыс экономикалық бағытта болады, соның ішінде; ҚР-дағы қазіргі саяси экономикалық жағдай, әлеуметтік экономикалық жағдайы, халықаралық экономика және ҚР коммерциялық экономикалық аспектілері.

Аймақтық экономикалық олимпиада мақсаты:

  1. Топтардың өзара сайсуы арқылы білім алушылар экономикалық, іскерлік практикалық дағдыларын (аналитикалық ойлау, критикалық ойлау, оперативті ойлау, коммуникативті іс әрекет дағдылары) дамыту.
  2. Білім алушылар санасында, Экономика саласындағы әр түрлі бағыттағы мамандардың бір бірімен әрекеттесу үрдісінің түсінігін қалыптастыру.
  3. ҚР-ның экономикалық аспектілерін дискуссия негізінде саралай отырып, болашақ білікті мамандар ретінде мемлекетіміздің даму бағдарын айқындау, талдау.

Олимпиаданың міндеттері:

  1. Шымкент қаласы ЖОО-ры арасындағы ғылыми-коллективтік байланысты оңтайландыру.
  2. Қатысушылардың қосымша практикалық біліктенуін қамтамасыздандыру.
  3. Қатысушыларға ұстаздық еткен ғылыми жетекшілердің оқытушылық тәжірибесін арттыру.
  4. Жарыс соңында ерекше белсенділік танытқан командалар мен жеке қатысушылардың еңбегін ынталандыру мақсатында марапаттау.
  5. Ұтқан команданың ЖОО-на алғыс білдіріп, келесі жылғы олимпиада өткізуді ұйымдастыру кезектілігін міндеттеу.

Қатысушылар құрамы мен қойылатын талаптар:

Студенттік Аймақтық экономикалық олимпиадаға 6В041 – «Бизнес және басқару» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының күндізгі оқыту бөлімінде білім алып жатқан жоғары оқу орындарының 1,2,3-ші курстың білім алушылары жіберіледі.

Команда 5 білім алушылардан құрылуы тиіс.

Олимпиадаға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына өтінішті №1 Қосымшаға сай жіберу қажет.

Команда мүшелерінің өздерімен бірге жеке куәліктері мен студенттік билеттерінің, ал команда жетекшісінің жеке куәлігінің болуы шарт.

Жолақы шығындары қатысушы командалардың өз есебінен болады.

Олимпиада барысында қатысушылар іскерлік киімде болуы міндетті және сайыс барысында тәртіп сақтауы тиіс.

Аймақтық экономикалық олимпиаданы өткізу мерзімі мен тәртібі:

  1. Өтініштер мен материалдарды қабылдау – 2023 жылдың 10-шы наурызына дейін жүргізіледі.
  2. Қатысушыларды тіркеу – 2023 жылдың 15-ші наурызында сағ. 9.00-9.45.
  3. Олимпиаданың регламенті:
    • Командаларды таныстыру (атауы, эмблема, ұран) – 7 минутқа дейін: 10.00-11.00.
    • «Қазіргі әлемдік, халқаралық сяси қатынастардың экономикалық салдары» тақырыбында сұрақ-жауап сайысы. 11.00-11.50.
    • Команда капитандары арасында сайыс (Сұрақтар мен есептер).
    • Ойын “Экономикалық ілмек” (Шарты сол кезде жүргізушілермен түсіндіріледі). 12.00-13.00.
  4. Түскі үзіліс. 13.00-14.00.
  5. Бизнес-жобаларды қорғау. 14.00-15.30. Әрбір командаға қорғауға берілетін уақыт – 15 минут (Регламент – қатаң сақталуы міндетті, кері жағдайда аяқтау үшін тағы қосымша 2 минут беріліп, жоба қорғаушының сөзі доғарылады ).
  6. Марапаттау кезеңі. 15.30-16.00.

Әділ баға білдіретін жюри өкілдері, топтар мен  белсенді қатысушыларды топ жетекшілерін, марапаттап  (бас жүлде,1,2,3 орын негізінде; грамота, диплом, сертификаттар, сыйлықтар) жеке пікірлерін білдіреді. Осы кезде қатысушылардыңда олимпиаданың форматы мен ұйымдастырылуына қатысты пікірлері ескеріледі.

Бизнес-жобаға қойылатын талаптар:

Бизнес-жобалар электронды түрде қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады (Приоритетті тіл; қазақ тілі. Қосымша ағылшын тілімен сүйемелдеу құпталады). Жобаларды бағалау параметрлері:

  • Жобаның өзектілігі;
  • Тақырыптың мақсаты, міндеті, зерттеу нысаны, проблемасы;
  • Ғылыми жаңашылдығы;
  • Шығармашылық көзқарас пен криеативтілік;
  • Пайдаланылған ақпарат көздерінің саны мен сапасы (Кітаптан, мақаладан немесе желіден алынған мәліметтер пайдаланылған болса; мағлұматтың авторы мен сайттың іздеу мекен жайы немесе сілтемесі көрсетілгені керек);
  • Тақырыптың нәтижесі, ұсыныстары, маркетингтік зерттеулер, жүзеге асыру қаражаты, пайдасы;
  • Презентация (инфографикалық, иллюстрациялық суреттер мен кестелер, диаграммалар болғаны жөн, және статистикалық мәліметтер мен қажеттілікті айқындау зерттеулері негізінде болуы қажет);
  • Теориялық жетілдірілуі мен қорғалуы бағаланады.

Титулдық бет №2 Қосымшаға сай толтырылуы тиіс.

Бизнес-жобаны безендіру талаптары:

  • көлемі 25 бетке дейін;
  • Microsoft Word 2003 және одан жоғары;
  • Параметрлері: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, жоғары және төмен жағы – 2 см;
  • Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman, шрифт – 14;
  • Жоларалық қашықтық – 1, абзац – 1 см, кітап үлгісінде, колонтитул мен бет сандарын көрсетусіз, мәтін бетте теңестірілген;
  • Бизнес-жобаның жетекшісі мен авторлары жайлы мәлімет.

Ұйымдастыру комитеті талапқа сай келмейтін бизнес-жобаларды қорғауға қатыстырмауға құқылы.

Ұйымдастырушылардың мекенжайы: Шымкент қаласы, Терешкова 14а (Бұрынғы Отырар университеті.)

Байланыс телефондары: 87785021951. 87778284040

Электронды почта: bakbergen_2000@mail.ru (Элетронды хаттың тақырыбы “Аймақтық экономикалық олимпиадаға қатысу үшін өтініш” болуы керек, Мәтінінде; ЖОО-ның атауы, команданың атауы, жетекшінің толық ТАӘ-ы, қатысушылардың аты-жөні және курсы, жобаның тақырыбы.)

Scroll to Top
Scroll to Top