Қаламызда орта білім беру бағытында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқан мекеменің бірі «Арман» ЖШС гимназиясы деп атауға болады.
Аталмыш мектеп-гимназиямен келісім-шарт негізінде Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері өзіндік танымдық практикасын абыроймен атқарып келуде.Студенттеріміздің біліктілігімен білімін арттыруда іс-тәжірибеден өтуі аса маңызды роль екені бәрімізге мәлім.
Студенттеріміздің педагогикалық практикадан өтіуіне зор мүмкіндіктер жасап, білім инновациясын дамытуда мол мүмкіндіктерге жол ашып отырғандығы үшін оқу ордамыздың ректоры м.ғ.д., Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы «Арман» гимназия мектебінің директоры Рысбекова Ардақ Қалымбекқызын және бірқатар оқытушыларын Алғыс хатпен марапаттады.