Студенттердің диплом алды іс-тәжірибелерін ұйымдастыру

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Студенттердің диплом алды іс-тәжірибелерін ұйымдастыру» туралы конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін педагогикалық тәжірибені ұйымдастырудың өзекті мәселелерін қарастыру.
Конференцияға арнайы шақырылған «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушылары Бәкіржан Айдарбек және Бертай Төкеев  өздерінің мол тәжірибелерін ортаға сала отырып, мұғалімдік этика, қазіргі жаңартылған білім саласындағы бәсекелестік туралы, қысқа мерзімді жоспардың жасалу жолдары мен өз тәжірибелерімен идеяларымен бөлісті.  Университеттің «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің меңгерушісі А.А.Шалкеева студенттерге іс-тәжірибе туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top