Студенттер арасында арасында туберкулездің кең таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара облыстық фульмонологиядан фтизиатор мамандары Ботбайбекова Махаббат және Тұрғанова Бибігүл қатысуымен өтті.
«Алдын ала міндетті медициналық тексерулерден өткізу» талабына сай туберкулезді ерте анықтау , болдырмау мақсатында жыл сайын әрбір адам флюрографиялық тексеруден өтуге міндетті. Туберкулез қалай байқалады және оның алғашқы белгілірі мен одан айығуды жақсартуы туралы айтылды. Әрбір студент өздерінің тіркелген емханаларында флюрографияға түсіп, әрі қарай тексерулеріне құқылы.
Стигма мен кемістушілікті жою, зерттеулер мен инновацияларды қолдап, демеу. Сонымен қатар COVID-19 пандемиясынын кейінгі өкпеде өзгерістер пайда болуына байланысты, студенттер арасында сұхбаттар мен лекциялар оқылып, салауатты өмір салтын насихатталды. Буклеттер мен ескертпелер таратылды. Басты мақсатымыз туберкулезден және COVID—дан таза Қазақстан және қорғану шараларын:
-арақашықтықты сақтау
-бетперде тағу
-туберкулезге арналған ПТР(ПЦР) сынамасы –GeneXpert және COVID-19 арналған ПТР сынамасы тапсыру, вакцина қабылдау.
Медпункт меңгерушісі, психолог Есмұрзаева Қалшаткүл Кенжебекқызы