“Экономика” кафедрасының жәрмеңкесіне қатысуы

Кәсіпкерлікті дамыту аясында, 2023 жылдың 30 наурыз  кәсіпкерлікті дамыту, оны насихаттау және қала тұрғындарын ынталандыру мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған Бастау-Бизнес кәсіпкерлік курстарын оқып, жаңа бизнес-идеяларды  іске асыру мақсатында  мемлекеттік грант ұтып алып, өз  кәсіптерін ашқан азаматтардың қатысуымен жәрменке ұйымдастырылды.

Қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік “Бизнестің жол картасы 2025”. біздің 4 курс студенттері жәрмеңкесіне қатысты. Университет түлектерінің өз бизнесін ашқан, мемлекеттік гранттарды жеңіп алған азаматтармен кездесуі өтті.

Студенттер мемлекеттен өтеусіз гранттар бағдарламасы бойынша бизнес ашу мүмкіндігіне көз жеткізді. Түлектер мемлекет тарапынан бизнестің нақты қолдауына сүйене отырып, орта бизнесті ашу мақсатында жаңа идеяларды іске асырып жатқанын атап өтті. Іс-шара барысында ЖОО түлектері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске қосуға және дамытуға мемлекеттік гранттар алу мәселелері бойынша қажетті ақпарат алды.

Жәрмеңкеге қала әкімдері мен жұмыс берушілер, қоғамдық белсенділер, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары, сондай-ақ біздің студенттер мен университет оқытушылары қатысты.

Scroll to Top