Ағымдағы жылдың 26 ақпан – 7 наурыз күндері аралығында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің қызметкерлерінен құралған делегация Польша еліне іс – сапармен барып қайтты.
Делегация құрамында университет президент кеңесшісінің орынбасары О.Ф.Жунусов, оқу – әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор орынбасары М.Т.Арынбеков, ғылым және инновациялық технологиялар жөніндегі проректор орынбасары М.И.Ақылбаевтар болды. Делегацияның негізгі мақсаты біздің университетіміз бен Польшаның жоғары оқу орындары арасында қос дипломды білім бағдарламасы бойынша келісім – шарт жасасу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында лекция оқу болатын.
Университет делегациясының жоспарлаған жоспары толықтай орындалды.
Кутно қаласындағы Стосовенич Господарки Крайсовей ғылым Академиясымен бірінші деңгейлі жоғары білім мамандарын даярлау бойынша 1+3 форматта (4 жылдық оқу) бірлескен оқу бағдарламасын амалға асыру бойынша келісім – шарт жасалынса, Варшава қаласындағы Құқық академиясымен ынтымақтастық жөнінде келісім – шарт жасалынды.
Осы уақыт аралығында делегация мүшелері ғылыми семинарда баяндама жасады. Ол туралы сертификаттармен куәландырылған.
Сонымен қатар, техн.ғыл. кандидаты, доцент М.И.Ақылбаев екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытқаны үшін және интеллектуалды потенциалды жетілдіргені үшін Ғылыми кеңестің шешімімен Академияның толық мүшесі ретінде қабылданды және оған академик дипломы табысталды.