Экономика кафедрасының ББ-н жаңарту бойынша жұмыс берушілермен кездесу және дуальді оқыту мен өндірістік және диплом алды оқу студенттер практикасы

2023 жылдың 24 сәуірде сағат 11-30-да «Экономика» кафедрасы  жұмыс берушілермен ҚР АШМ АӨК инспекциясының Шымкент қаласы бойынша басшысы – Әбдібақыт Тіләбайұлы Мақұлбаевпен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия” республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан облыстық филиалының басшысы – Ғалым Құралбекұлы Жұмжаевпен, Бөрібаева Гүлсім Жанатбекқызы – бас есепші, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі – Шалкеева Айсұлу Әнуарқызымен, кафедра меңгерушілері Сабенова Балтаим Намазбайқызы, Абдурахманова Зулпаруза Әмірбекқызы және Тулебаева Сәуле Мұратқызы-магистр, аға оқытушы арасында кездесу ұйымдастырылды.

2023-2024 оқу жылына келесі білім беру бағдарламаларын 6В04110 – «Экономика», 6В04130 – «Есеп және аудит», 6В04140- «Қаржы», 6В04150 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және магистратура 7М04110 – «Экономика», 7М04130 – «Есеп және аудит» жаңарту бойынша жұмыс берушілермен кездесу және студенттердің дуальды оқыту мен өндірістік және диплом алды іс – тәжірибенің өтуі қарастырылып талқыланды және бекітілді.

Кездесудің мақсаты – жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, мамандарды даярлау стратегиясы үшін еңбек нарығын талдау және болжау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу, студентке дуальды оқыту өндірісінде мүмкіндік беру, мамандықтар бойынша жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының базасына қол жеткізу.

Біздің университетте дуальды оқыту жүзеге асырылады, практикалық білім мен дағдыларды алу үшін кәсіпорында студенттерге оқыту үшін жеке аудиториялары бөлінген, сондай-ақ жұмыс берушілер оқу үдерісіне өздерінің тәжірибелік тәжірибесін енгізуде.

Соңында 6В04110 – «Экономика», 6В04130 – «Есеп және аудит», 6В04140- «Қаржы», 6В04150 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04120 – «Менеджмент», 6В04160- «Маркетинг» және магистратура білім беру бағдарламалары 7М04110 – “Экономика”, 7М04130 – “Есеп және аудит”,   2023-2024 оқу жылына білім беру бағдарламаларына жаңа пәндерді енгізу бойынша жұмыс берушілер ұсынған кәсіпорындарымен білім беру бағдарламалары талқыланды және 2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларына қол қойылды, сондай-ақ кәсіпорында студенттерді дуальды оқыту және студенттердің өндірістік, диплом алды іс-тәжірибесін өту туралы 2023-2024 оқу жылына келісілді.

Scroll to Top