E-Tech Hub және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы бастамалары студенттерге ғылыми серпін береді

2023 жылғы 20-21 сәуір аралығында E-Tech Hub ғылыми жетекшілігімен академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің “РЭТ” кафедрасының студенттері “Автоматтандыру және басқару” бағыты бойынша Satbayev University базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV Республикалық пәндік олимпиадаға (II кезең) белсенді қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді. Сондай – ақ, “РЭТ” кафедрасының студенті Перекеев Берікке және оның ғылыми жетекшісі “РЭТ” кафедрасының меңгерушісі К.Әбдірамановаға сертификаттар табысталды.

Satbayev University холдингіне цифрлық техника және технологиялар институты – өндірісті автоматтандыру, Big data және машиналық интеллект саласындағы Қазақстандағы жетекші ұйым кіреді. IT және 3D-технологиялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, өнеркәсіптік автоматтандыру, цифрландыру және аспап жасау саласында инновациялық технологияларды әзірлеумен, енгізумен және іске асырумен айналысады. Институт құрылымында автоматтандыру орталығы, тәжірибелік-конструкторлық бюро және деректердің үлкен массивтерін өңдеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеу бойынша қызметтер көрсететін суперкомпьютерлік модельдеу зертханасы бар. Институт ұжымы ТМД-дағы ірі өндірістер үшін бизнес-процестерді интеграцияланған жоспарлаудың жалғыз жүйесінің авторы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Satbayev University қабырғасында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті басшылығының Satbayev University проректорларымен цифрландыру және цифрлық трансформация мәселелері бойынша тәжірибе қабылдаудың ынтымақтастық және интеграциялық мүмкіндіктері мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ғылыми-білім беру және зерттеу қызметінің бірқатар бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы мәселелер бойынша “Автоматика және басқару” және “Энергетика” кафедраларының меңгерушілерімен бірқатар пилоттық кездесулер өтті.

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті Ғылыми-технологиялық және экономикалық дамудың өңірлік ерекшеліктері мен басымдықтарын ескере отырып, академиялық артықшылық орталықтарын, технопарктерді, инжинирингтік хабтар мен өңірлердегі зертханаларды қоса алғанда, ғылыми мекемелердің таратылған желісін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік жоспарларды толық қолдайды. Адамзаттың барлық жетістіктері білімнің арқасында қол жеткізілді және қазіргі уақытта ғылымсыз, әсіресе озық цифрлық дәуірде алға жылжу мүмкін емес.

Scroll to Top