«Темекі құмар болмаңыз, темекіні тастаңыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 

Психикалық денсаулық орталығынан шақырылған қонақ, психиатр-нарколог дәрігері Баймурунова Раушан Асановна, Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Айжан Молдабаева, сонымен қатар  университет  студенттері мен оқытушылары қатысты, қатысқандар  адам саны: 27

Баймурунова Раушан Асановна – темекіге әуестену, жүйелі түрде шамадан тыс тұтыну мен тәуелділік секілді үш басты белгі арқылы көрінетін созылмалы ауру деп бастады.Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жоспары бойынша темекінің түтінінің зиянын және вейп-электронды темекіден сақтаңыздар деді.

Не себептен адамдар темекіні тартады:

Адамдар әсіресе , жасөспірімдердің темекі тартуының  себептері  мыналарға байланысты:

а) топқа еліктеу, яғни темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін  солардың ыңғайына көніп, жаман әдетін бой сіңіргісі келеді;

б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан  темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

Студенттердің  не себепті темекі тартатының сауалнама нәтижесі мынадай болды:

-Темекіні ермек етіп шегеді;

-Темекі шексен дәу адамдардың қатарына  қосыламын деп ойлайды;

-Темекіні даусым жіңішке , соны қалың болсын деп шегеді, сосын тастай алмай әуестеніп кетеді.

-Темекіні шексен қыздар қарайтындай ой да болады.

-Темекі шексем арықтаймын деп ойлайды.Мұнын бәрі дұрыс пікір емес екендігі талқыланды.

Молдабаева Айжан Мәдіханқызы – бүгінгі дөңгелек үстелдің  мақсаты сіздердің араларыңызда денсаулықты сақтау мен нығайту, әрбір адамның өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау мен мінез-құлықты қауіпті факторлардың алдын алу  (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау) туралы студенттердің ақпарат алуын арттыру.

Медпункт меңгерушісі, психолог Қалшат Есмұрзаева

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх