Cтуденттер дипломалды практикадан өтуде

Cтуденттер дипломалды практикадан өтуде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  «Экономика» кафедрасының «Экономика» және «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенттері «Azala Cotton» ЖШС және Шымкент қаласы Енбекші ауданының әкім аппарат мекемесінде, «Арыс қаласының әкімінің аппараты Мемлектетік мекемесі», «Ернур Пресс» ЖШС дипломалды практикадан өтуде. Практикаға бару мақсаты: студенттердін жоғарғы оқу орнын бітірген  соң, биылғы бітірушілер студенттерін жұмыспен қамту, біліктілікті арттыру, кәсіптік мамандарды даярлау және біздің университетіміздің мамандырылған студенттерімізді жұмыс берушілер кәсіпорындарында іс-тәжірибеден откеннен кейін сол мекемеде қалып жұмысты  жалғастыру.

Практикадан өту барысында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, шеберліктерін шыңдауда. Кафедра  меңгерушісі Б.Н.Сабенова, З.А. Абдурахманова және іс-тәжірибе жетекшісі А.С. Дилдабекова  және «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің меңгерушісі А.А. Шалкеева практика барысымен танысып қайтты. Мекеме басшысшылары С.С. Байтилеуов  және Г.С. Мырзашев  болашақта диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге ниетін білдірді.

«Шымкент қаласы Енбекші ауданының әкімінің аппараты Мемлекеттік мекемесі»

Scroll to Top
Scroll to Top