ҚАРАҒАНДЫҒА ЖҰМЫС САПАРЫ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

2023 жылғы 26-27 мамыр аралығында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Б.Е. Жақыпбаевтың Қарағанды университеттеріне ғылыми-білім беру процесін интеграциялау және цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс сапары өтті.

Қарағанды – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі. Қарағанды облысында көмір өндіретін ірі кәсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді. Қарағандыда көлік, білім, ғылым, мәдениет және байланыс кәсіпорындары көп; оның ішінде: Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті бар.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті – Ұлттық аккредиттеу агенттіктерінің нұсқасы бойынша отандық білім беру көшбасшыларының бестігіне кіреді.

2023 жылғы 26 мамырда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында, E-Tech Hub Бас ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Б.Е. Жақыпбаев Химия факультетінің 50-ге толған мерейтойы және Бірінші декан, профессор Р.Г. Омарованың 100 жылдығына арналған “Теориялық және эксперименттік химия” VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында пленарлық отырыста және тақырыптық пікірталас алаңдарында “Аморфты-кремнеземді шикізат құрылымын физика-химиялық зерттеудің заманауи әдістері” тақырыбында баяндама жасады.

2023 жылдың 27 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, E-Tech Hub Бас ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Б.Е. Жақыпбаев 6D073000 – “Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру” мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі ретінде қатысты.

Іс-сапар шақырушы тараптың есебінен ғылым, білім және цифрландыру саласында өзара тиімді ЖОО аралық ынтымақтастықты жолға қою мақсатында жүзеге асырылды.

                                                   

Scroll to Top
Scroll to Top