E-Tech Hub / Tech Orda / Astana Hub

2023 жылдың 6 қыркүйегінде E-Tech Hub Бас ғылыми қызметкері Бибол Жакипбаев Astana Hub-тан Tech Orda бағдарламасына өтініш беру бойынша ақпараттық-түсіндіру семинар өткізді.

Семинарға Жаратылыстану-инженерлік факультетінің 1 курс студенттері, JB613-23 – «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету», JB6138-23 – «Ақпараттық жүйелер» тобы, JB1509-23 – «Педагогикалық информатика», JB1508-23 «Педагогикалық математика» тобының студенттері қатысты; сонымен қатар ғылым магистрі, «Информатика және математика»  кафедрасының аға оқытушысы Бугибаев Ерлан қатысты.

Tech Orda – IT саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған бағдарлама. Бағдарлама IT мамандарын даярлау мақсатында жеке тұлғаларды оқытуды қаржыландыруды қарастырады. Әрбір студент (18-45 жас) 600 000 теңгеге дейін грант (квота, ваучер) ала алады, оны аккредиттелген жекеменшік оқу орындарында әртүрлі IT мамандықтары бойынша оқуға төлеуге болады.

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке ақпараттық технологиялар мен цифрландыруды қолдау бойынша нақты міндеттер қойды. Цифрландыру мен инновация мәселелеріне көңіл бөлу әрқашан өзекті. Біздің алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр – Қазақстанды IT-елге айналдыру. Үкіметтің жаңа міндеті – 2026 жылға қарай ІТ-қызметтерінің экспортын 1 миллиард долларға жеткізу және 2025 жылға қарай қосымша 20 000 IT маманын дайындау.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері ІТ саласындағы жаңа сын-қатерлерге дайын және жоғары білікті IT-маман болып шықты деп сеніммен айтуға болады.

Scroll to Top
Scroll to Top