Digital Bridge 2023

2023 жылғы 12-13 қазанда академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің цифрлық офицерлері: цифрландыру жөніндегі проректор М.К. Есенов және E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері PhD Б.Е. Жакипбаев Astana Digital Bridge 2023-ке қатысты.

Digital Bridge – цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар трендтерін талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы.

Digital Bridge-де Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің цифрлық офицерлері Орталық Еуразиядан келген үздік стартаптармен танысуға мүмкіндік алды; үздік стартап атағы үшін Жылдың ең ауқымды шайқасын көрді; робототехника көрмесіне қатысты; Pitching Zone digital Bridge 2023-тегі соңғы жаңалықтармен және технологиялармен танысты (бизнес өкілдері мен IT-стартаптардың өзара іс-қимылы үшін бірегей кеңістік); еліміздің озық жеке IT-мектептерінен білім беру бағдарламаларымен танысты; IT – білім беру саласындағы трендтер мен инновациялар туралы білді.

Astana Digital Bridge 2023 шеңберінде цифрландыру жөніндегі проректор Есенов М.К. және E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері PhD Б.Е. Жакипбаев Astana IT University-ден цифрлық трансформация және StartUp-жобаларды іске қосу бойынша IT шеберлік сыныбынан өтті; сондай-ақ стартап-жобаларды әзірлеу және IT-хабтарды дамыту және жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясын дамыту бойынша семинарын Seifullin University-де өткізді.

Сонымен қатар, цифрландыру жөніндегі проректор Мақсат Есенов және E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері Бибол Жакипбаев Astana Digital Bridge 2023 аясында Astana Hub: Shymkent IT Hub, Qyzylorda IT Hub, Turkistan IT Hub, Abai IT-Valley және т.б. өңірлік өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді. Кездесу барысында принципті келісім алынды және цифрландыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша уағдаластық.

Scroll to Top