E-Tech Hub // Kyzylorda Hub // Pecha Kucha AI Trends

2023 жылы 27 қазанда Қызылордада Pecha Kucha AI Trends зияткерлік алаңы өтті. Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы.

Ұйымдастырушылардың бастамасымен академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінен Pecha Kucha AI Trends-ке цифрландыру жөніндегі проректор М.К. Есенов және E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері PhD  Бибол Жакипбаев шақырылды. Олар «Data Driven» тақырыбын ұсынды.

Іс-шара жасанды интеллект трендтеріне бағытталған.

Сапар аясында Қызылорда облысы әкімдігінде Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы С.И. Ибадулла және Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Т. Мұқанғалимен кездесулер барысында ахуалдық орталықпен және цифрлық қызметпен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының басшысы Ж.Тубекбаев Kyzylorda Hub жұмысымен таныстырды.

Жалпы цифрландыру саласындағы бірлескен жобалар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

Scroll to Top