Әкімшілік-басқарушы қызметкерлер біліктіліктерін мен кәсіби шеберліктерін  арттыруда

Басшылық құрам қызметкерлерінің біліктіліктілтерін арттыруы – ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамудың Отандық және халықаралық талаптарына сәйкес жоғары білім берудегі көшбасшылық сапалы кадрларды дайындаумен қатар өздерінің кәсіби шеберліктері мен  құзіреттіліктерін дамытуы мен  жетілдіруі.

26.10.2023–10.11.2023 ж. аралығында  басшылық құрам қызметкерлеріне арналған «Жоғары білім берудегі менеджмент» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Біліктілікті арттыру орталығы оффлайн форматта  өткізуде.

Біліктілікті арттыру курсы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы келісім-шарт негізінде ұйымдастырылды ( №23/3881 16.10.2023 ж.).

 

Scroll to Top