E-Tech Hub // ҚР ҰҒА // РФ РҒА

2023 жылғы 1-4 қараша аралығында Мәскеуде Ресей Ғылым академиясының президиумында Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығына арналған Үлкен Еуразия елдерінің жас ғалымдарының “Ғылым континенті” академиялық форумы өтті. Академиялық форум ТМД Атқарушы комитетімен, ғылым академиясының халықаралық қауымдастығымен серіктестікте өткізіледі және 2023 жылы Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалығына орайластырылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы академиялық форумға Қазақстан атынан өкілдік ететін 25 талантты, беделді жас ғалымдарды іріктеп алды. ҚР ҰҒА іріктеп алған жас ғалымдардың арасында бас ғылыми қызметкер, PhD, қауымдастырылған профессор Б.Е. Жакипбаев болды, ол өз зерттеулерінің нәтижелерін тақырыптық ғылыми секциялар шеңберінде ұсынды. Биыл форум 6 бөлімнен тұрды: жасанды интеллект, физика, химия және материалдар туралы ғылым, биоқауіпсіздік, мұраны сақтау.

Академиялық форумда жас ғалымдар ғылымның түрлі бағыттары бойынша секциялық отырыстарда баяндамалар жасап, өз салаларындағы үздік жас ғалымдармен әңгімелесті, инновациялық технологиялармен танысты және үлкен тәжірибе алды. Форумға қатысушылар жақын және алыс шетелдерден: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия, Пәкістан, Сербия, Венгрия, Эфиопия, Египет, Сирия, Камбоджа елдерінен келген жас ғалымдар болды.

Академиялық Форумның ашылу салтанатында: РФ Президентінің көмекшісі А.А. Фурсенко, РҒА президенті РҒА академигі Г.Я. Красников, Ғылым және жоғары білім министрі В.Н. Фальков, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА вице-президенті Д.Н. Билялов және т.б. сөз сөйледі.

“Ғылым континенті” Үлкен Еуразия елдерінің жас ғалымдарының академиялық форумы жоғары деңгейде және пайдалы өтті. Іс-шара сертификаттарды тапсыру рәсімімен аяқталды.

Үлкен Еуразия елдерінің жас ғалымдарының форумын Ресей Ғылым академиясы талантты академиялық жастардың қарым-қатынасы, жаңа кәсіби байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін зерттеу үшін бірегей алаң бола отырып, жыл сайын өткізеді. Форум күндеріндегі барлық жол жүру және тұру шығындарын Ресей Федерациясының Ғылым академиясы қаржыландырды.


Scroll to Top