Инновациялық идеялар фестивалі «Inno.Fest» Qyzylorda 2023

2023 жылғы 8-9 желтоқсанда Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен «Inno.Fest» Qyzylorda 2023 іс-шара өтті.

«Inno.Fest» Qyzylorda – “Smartcity”, “Контент&Дизайн”, “Кино&Видео” бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін IT саласында жобалар құруға бағытталған іс-шара.

Фестивальде республиканың басқа облыстары мен көрші мемлекеттердің қатысушылары болды.

Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірді дамыту үшін қажетті жаңа инновациялық идеяларды қолдау, бағыттар бойынша жастардың жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беру және жаңа атаулар шығару.

Жыл сайын фестивальге IT, медиа және киноиндустрияда жетістікке жеткен танымал адамдар спикер ретінде шақырылады.

«Inno.Fest» Qyzylorda биылғы фестиваль спикерлері:

“Кино&Видео” секциясы бойынша: актер, продюсер Ақболат Өтебай; “Өнер қырандары” театрының сценарийшісі Абдусаид Төлегенов; режиссер, тележүргізуші Дәулетхан Ақайдарұлы; Бибол Жакипбаев – E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері, PhD, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің қауымдастырылған профессоры.

“SmartCity” секциясы бойынша: “Thousand IT” компаниясының және “Aqyl Battle” зияткерлік ойынының негізін қалаушы Айболат Құлатай; Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің директоры – Аида Досова; “MSSP Global” компаниясының коммерциялық директоры Батыржан Шакманов; Мақсат Есенов – Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры.

“Контент&Дизайн” секциясы бойынша: Қазақстан РТРК АҚ Qyzylorda телеарнасының директоры Нұрбек Амиша; кибермодель және PR маманы Айман Молдабекова; актер, блогер және стример Азамат Тұрсынбай.

Фестивальдің жүлде қоры – 3000000 теңге. Үздік қатысушыларға Astana IT университетінен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен, Болашақ университетінен, Қызылорда ашық университетінен білім гранттары, сондай-ақ фестиваль серіктестерінен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Фестиваль серіктестері: Astana Hub, KeyHorse, MSSP GLOBAL, JSOFT, “Modex” Қызылорда, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ, Алсеко, Kaspersky, Bolashak Tamer Group, digital Innovation & Transformation, Транстелеком, Қазақтелеком, Мағжан және К.

Фестиваль аясында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар орталығы арасында ғылыми-білім беру және цифрлық қызметтің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Фестиваль аясында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жас ғалымдарының делегациясы Мақсат Есенов – цифрландыру жөніндегі проректор және Бибол Жакипбаев – E-Tech Hub бас ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар Университеті Инженерия мектебінің жаңа филиалының қызметімен танысты. Seoultech информатика және инжиниринг департаментімен бірлесіп “Жаңа жасанды интеллект және информатика мектебін және бизнес-инкубациялық орталықты құру” жобасы әзірленді.

Фестиваль барысында жас зерттеушілер мен IT-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды.

Scroll to Top