🇰🇿ҰЛТ ҰСТАЗЫ КАРАМАТ ПЕРДЕШҚЫЗЫ 80-ЖАСТА!!!

🔹️ Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қаз ҰЖҒА академигі Қуатбекова Кәрамат Пердешқызының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Цифрлық білім-заман талабы» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

🔹️Бұл конференцияның негізгі мақсаты  денсаулық сақтау және техникалық білім беру бағдарламалары бойынша озық инновациялық тәжірибелерді алмасу, цифрландыру дәуіріндегі білім және ғылым салаларының өзекті проблемаларын алға тарту, жастардың жалпы адамзаттық цифрландыру қажеттілігіне тәрбиелеу және қазіргі қоғам мәселелеріне көзқарастарын қалыптастыру.

🔹️Айтулы жиында, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры м.ғ.д., профессор Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова, Карамат Пердешқызын мерейлі 80-жасқа толуымен құттықтап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің
«Ғылымды дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының «Қазақстан Республикасындағы инженерлік істі дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін табыс етті.

🔹️Шараға Сайрам ауданының әкімінің алғыс хатын арқалап келген Сайрам ауданының әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы арнайы  сөз сөйлеп Карамат Пердешқызына аудан әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.

🔹️Сонымен қатар, жиынға ҚР Парламент мәжілісінің 6-7 шақырылымындағы депутаты Қаратаев Фахриддин Әбдінәбиұлы, ҚР “Дустлик” өзбек этно – мәдени бірлестіктер қауымтастығының төрағасы Хакимжанов Икрам Акрамович, Сайрам аудандық  мәслихат депутаттары, Коледж және жоғары оқу орындарының басшылары  мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

🔹️Шараға  арнайы 100-ден аса мақалалар (сборник) жинақталып кітап басып шығарылып, қонақтар мен профессор-оқытушылар құрамына таратылып берілді.

🔹️Аталған конференцияға алыс-жақын шет елдерден Zoom платформасы арқылы онлайн түрде қатысып сөз сөйледі.
Атап айтқанда:   Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Гази университетінің ректор көмекшісі, проректор, PhD доктор, профессоры – Южель Гелишли

🔹️Өзбекстан Республикасы ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдары бойынша өзбек ғылыми-зерттеу институтының директоры –  Ибраимов  Холбой Ибрагимович және т.б Ресей мен Қырғыстан ғалымдары бар.

🔹️Жиын соңы, секциялық жұмыстарға жалғасып, қатысушы барша қонақтар жоғары деңгейде өткен конференцияға өз бағаларын беріп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты!!!✅️

Scroll to Top