09.02.2024ж күні Оқу ордамызда 25 жылдығына орай «Биология және География кафедралары, Педагогика және психология» кафедралары бірлесе отырып жалпы білім беретін орта мектептердің 11-ші сынып оқушылар арасында олимпияда өткізілді. Мектептерден 120 оқушы, колледжден 11 студенттер, және 50 мектеп директорлары мен директор орынбасарлары қатысты. Олимпиядаға келіп отырған 50 мектеп басшылары «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева кездесу өткізді. Кездесуде білім алушылардың іс-тәжірибесі туралы және бүгінгі күнде жаңартылған бағдарламалары туралы әңгіме қозғалды. Жұмыс берушілер алдағы уақытта білім беру сапасын жоғары болуына өз үлестерін қосатындығы туралы келісімдерін берді.
Осы мәселелер ерекше аталып өтті теориялық сабақ барысында жинақталған педагогикалық, психологиялық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету, байыту, оларды нақтылы оқу – тәрбие міндеттерін шешуге қолдану; Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибесімен танысу, оқушылар ұжымын, олардың жас және дара ерекшелігін білу. Оқу-тәжірибе жұмысының ағымдық және перспективалық жоспарларын жүзеге асыруға атсалысу, ата-аналармен жұмыс жүргізу туралы тереңінен қозғалды.Педагогикалық практика болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады.