Академиялық ұтқырлық Қоқанда жалғасты

Ағымдағы жылдың 13 – 15 ақпан күндері аралығында университетіміздің профессор – оқытушылары құрамы сыртқы академиялық ұтқырлық жоспарына сай және біздің оқу орнымыз бен Өзбекстан Республикасының Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы жасалған келісім – шарт аясында өз салалары бойынша білім алушыларға лекция және практикалық сабақтар жүргіздіп,  ғылыми семинарға қатысып қайтты.  Біздің оқу орнымыздан аталған іс – сапарға төмендегі профессор – оқытушылары құрамы қатысты:

Ақылбаев М.И.        – техн.ғ.к., доцент;

Жидебаева А.Н.       – техн.ғ.к.;

Жунисбекова  Ж.М. – тар.ғ.к.;

Казыбаева К. У.        – п.ғ.к.;

Байдалиева Э. А.      – аға оқытушы;

Темиралиева С.Т.     – аға оқытушы;

Байхарашева Г. С.    – аға оқытушы;

Гевич     С.Н.           – профессор;

Жақаш Д.Н.             – т.ғ.к.;

Харжауов Ш.Б.        – аға оқытушы;

Туймебекова Л.Т.    – аға оқытушы;

Истлеева Ж.К.         – аға оқытушы

Сапар аясында институтың ғылыми – зерттеу жұмыстары және инновациялар бойынша проректоры Н. Жураев Өзбекстан еліндегі жоғары білім саласын дамыту, жоғары сапалы мамандар дайындау жолында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, білім – ғылым және өндіріс саласы арасындағы интеграцияны кеңейту бойынша алда тұрған міндеттер жайлы баяндама жасады. Сонан соң әрбір оқытушы өз факультеттеріне жіберіліп, кесте бойынша сабақтарын жүргізді.

Сапар соңында әрбір оқытушыға өткізген сабақтары бойынша анықтамалар берілді.

Scroll to Top