25.04.2024ж. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде техникалық білім беру бағдарламалары бойынша 4-курс білім алушылардың 22,01-12,04,2024 ж аралығындағы өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы болып өтті. Конференцияға декандар,кафедра меңгерушілері, комиссия мүшелері және жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсулу Анваровна, М.Майлыбаев қатысты.. Студенттер іс-тәжірибеде алған білімдерін тамаша деңгейде қорғап, бір-бірімен пікір таласып өз ойларын жеткізе білді.Студенттер тәжірибелерінің нәтижелері туралы есептерін бейнероликтер, презентация арқылы қорғады. Қазіргі таңда елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артуда.
Бітірушілерді адан әрі практикадан кейін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері де қарастырылған. Студенттер тәжірибесін арнайы комиссия мүшелері қорытындылап, бағалады. Студенттер университет қабырғасында алған теориялық білімін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлік экономикалық дайындық, ұйымдастырушылық қабілет, тез шешім қабылдай білу мен іскерлік секілді қасиеттерді үйренгендігін және өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түскендігін айтты. Қортынды конференциясы жоғары деңгейде өтті.