28 қыркүйек күні Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер бөлімі және студенттік өзін-өзі басқару ұйымы студенттерінің ұйымдастыруымен А.Асқаров атындағы Дендросаябақ аймағында “Достық кілті” тақырыбындағы интеллектуалды ойын өткізілді. Мақсаты: ЖОО қадам басқан 1 курс білім алушыларының студенттік шағын қызықты әрі пайдалы өткізуге үлес қосу, командалық ойын арқылы студенттердің бір-бірімен достық қарым-қатынасын қалыптастыруға жол ашу. Аталған іс-шараға 1 курс студенттерінен құралған 5 команда бақ сынасты. Табиғат аясында өткен ойын нәтижесінде, 3 орынды – Star’s командасы алса, 2 орынды – Қыран командасы еншілесе , 1 орынды – Нұрсат командасына бұйырды. Ойын-сауықтық іс-шараға бас-аяғы 70-ке жуық жас қатысты.