11-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тарих және құқық» кафедрасымен тәрбие және әлеуметтік істер бөлімдері ұйымдастыруымен Университет деңгейінде мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға студенттер, профессор-оқытушылар құрамы мен Желтоқсан ақиқаты РҚБ мүшелері қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты-өз отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Тарих алдында әркімнің жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жастар Желтоқсан оқиғасына қатысты сахналық қойылым қойып, сол кездегі қиын кезеңді көрсетті. Бұл қойылым Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтардың ерлігін еске алып, жастарға еліміздің азаматтығының құндылығын жеткізді. Тәуелсіздікке жету жолында көптеген адамның тағдыры қиылып, олар өз өмірлерін ел болашағы үшін құрбан етті.
Университеттің Ғылыми кітапханасы үлкен қолдау көрсетті, ол осы іс-шара үшін ҚР Тәуелсіздік күніне арналған кітаптар көрмесін дайындап, ұйымдастырды.
Қонақтарға іс-шара аяқталғаннан кейін университет асханасында құрмет пен дастархан жайылды. Көрермендер осы іс-шараға қатысқан студенттердің шығармашылығы мен шеберлігіне жоғары баға берді.