ҚҰҚЫҚТАНУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Университетіміздің білім алушылары, Әл-Фараби аудандық әкімдігі аппаратының қызметкерлері, Ә-Фараби аудандық полиция басқарамасы өкілдері бірлесе отырып, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты:

-Қоғамда зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару;

-Бұл мәселеге қарсы күресуде бірлік пен жауапкершілікті арттыру;

-Студенттер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Флешмоб қатысушылары зорлық-зомбылыққа қарсы үндеулерді қолдап, өз ойларын ортаға салды. Олар қауіпсіз және әділетті қоғам құрудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл шара жастарды әлеуметтік жауапкершілікке баулып, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған маңызды қадам болды.

Scroll to Top
Scroll to Top